Сауалнама: цифрлық қауіпсіздік Ата Заңмен қорғалады

Жаңа Конституция жобасында адами капиталды дамытуға, яғни ғылым, білім және инновацияға басымдық берілген.

Сондай-ақ алғаш рет азаматтардың құқығын цифрлық ортада қорғау туралы норма бекітілді. Ел тұрғындары: «Технология күн санап дамыған заманда, цифрлық қауіпсіздікке ерекше назар аудару дұрыс шешім», - дейді. Ата Заңның жаңа жобасында тағы қандай басымдықтар көптің көңілінен шықты? Сауалнамаға назар салсақ. 

Сауалнама:

- Унитарлық туралы Преамбулада сөз айтылып жатыр ғой. Бұл не үшін айтылып жатыр? Бұл біздің қазіргі күнгі жағдайымызды бейнелейтін сөздер деп есептеймін. Өйткені Қазақстан унитарлы мемлекет деген сөз, ол- бір орталықтан басқарылатын мемлекет, бір заң жүйесі бар, баршаға ортақ азаматтығы бар ел деген сөз. Яғни бізге саяси тұрақтылықты, бірлікті сақтау керек.

 - Жаңа Конституцияда мемлекеттік тілдің мәртебесі өте айқын көрінген. Оның біріншісі жалпы мәтіні де қазақ тілінде әзірленген. Ол дегеніміз Қазақстанның мемлекеттік тілінің дамуы, оның әріқарай өркендеуі, қарым-қатынас тілі ретінде қалыптасуы және ұрпаққа сол тілді сақтау ретінде көрсетілген. 

- Цифрлық құқықтардың қорғалуы әр адамдардың жеке басындағы қауіпсіздікті,қолсұғылмаушылықтардың барлығын қауіпсіздігіне тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етеді. Бұл норма адамдардың мемлекетке деген сенімділігін арттырады.