Былтыр 1 желтоқсаннан бастап іске қосылуы тиіс болған Автолизинг бағдарламасының шарттары қандай еді?
Бағдарламада бағасы 15 млн теңгеден аспайтын эконом класстағы көліктер ұсынылуы тиіс болған. Басты талап – ай сайынғы төлем 200 мың теңгеден, ал лизинг берушінің алатын сыйақысы машина құнының 46 пайызынан аспауы керек.
Мәселен, құны 10 млн теңге тұратын темір тұлпарды 5 жылға жалға алдыңыз. Ай сайынғы төлем 200 мың теңге десек, 5 жылда 12 млн теңге төлейсіз. Көлікке сыйақы мен айыпақының жылдық мөлшері 46 пайызды қосыңыз. Яғни келісімшарт мерзімі біткеннен кейін тағы 2 млн 600 мың теңге төлейсіз. Осылайша, 10 млн теңге тұратын машинаның құны 14,6 млн теңгеге дейін өседі. Ескеретіні, толықтай сатып алмайынша көлік компанияға тиісілі болады.
Тегтер #автолизинг #шарттар #бағдарламаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz