Автолизингтің бастапқы шарттары қандай болуы тиіс?

Былтыр 1 желтоқсаннан бастап іске қосылуы тиіс болған Автолизинг бағдарламасының шарттары қандай еді? 

Бағдарламада бағасы 15 млн теңгеден аспайтын эконом класстағы көліктер ұсынылуы тиіс болған. Басты талап ай сайынғы төлем 200 мың теңгеден, ал лизинг берушінің алатын сыйақысы машина құнының 46 пайызынан аспауы керек.

Мәселен, құны 10 млн теңге тұратын темір тұлпарды 5 жылға жалға алдыңыз. Ай сайынғы төлем 200 мың теңге десек, 5 жылда 12 млн теңге төлейсіз. Көлікке сыйақы мен айыпақының жылдық мөлшері 46 пайызды қосыңыз. Яғни келісімшарт мерзімі біткеннен кейін тағы 2 млн 600 мың теңге төлейсіз. Осылайша, 10 млн теңге тұратын машинаның құны 14,6 млн теңгеге дейін өседі. Ескеретіні, толықтай сатып алмайынша көлік компанияға тиісілі болады.