RU
Толық нұсқаға өту

Коалиция Маңғыстау жұртшылығымен кездесті

02.03.2026, 19:35 54

Енді Қазақстан тек минералдық ресурстарға емес, интеллектуалдық ресурсқа да бет бұрып, білім экономикасын құруға иек артады. 

Ал жаңа Ата заң жобасында ғылым, білім және инновацияларды дамыту нормалары мемлекеттің стратегиялық басымдықтары ретінде бекітілген. Ғылыми және техникалық шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Маңғыстау жұртшылығымен кездескен жалпыұлттық коалициясы мүшелері осылай деп, жергілікті тұрғындармен Конституцияның жаңа нормалары туралы сөйлесті. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, цифрландыру және мемлекеттің әлеуметтік міндеттері айтылды. Өндірістік кәсіпорын ұжымдары лайықты еңбек құқығы, уақытылы және әділ жалақы жайын көтерді. Жұмысшылар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету нормаларын да талқылады. Ал Жаңаөзен мұнайшылары әлеуметтік және еңбек кепілдіктері, мұнай-газ саласын дамытуға мән берді. Жастардың ғылыми әлеуеті, отбасына қолдау көрсету және инновациялық технологияларды енгізу де қаралды. Мұның барлығы Жаңа Ата заң жобасында көрініс тапқан.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

- Осы қадамдардың өзегінде – әділеттілік, теңдік пен бірлік идеясы тұр. Заң мен тәртіп соның берік іргесі болып қалануда. Бұл қоғамның санасына серпіліс берген басты құндылықтарымызға, негізгі қағидаттарымызға айналды. Жаңа Ата заң – осы жүйелі жұмыстың заңды жалғасы, түпкі түйіні. Ең негізгісі, мұның бәрі – халықтың сұранысынан туындап отыр. Сондықтан елдің болашағына бағытталған баптар, Преамбулада көрініс тапқан құндылықтар, халықтың қалауынан туған қағидаттар – бәрі Президенттің жүрегінен шыққан деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, жаңа Конституцияда Мемлекет басшысының жылдар бойғы ой-толғамдары халықтың үнімен үндесіп тұр.

Даржоқ Сейбағытов, Маңғыстау облысының құрметті азаматы:

- Конституцияда келешектегі біздің дамуымызға байланысты үлкен өзгерістер бар. Ол керек болуына байланысты істеліп жатқан үлкен шаруа. Көптеген өзгерістер бар. Әсіресе халыққа жақын болу. Демократия, елдің өзін өзі билеуі, халықтың алдында басшылардың қалай есеп беруі, сайлануы, заң, мемлекет және халықтың правасы жөнінде анық көрсетілген.

Арғынбек Қалбаев, «Өзенмұнайгаз» АҚ Сыртқы және ішкі коммуникация бөлімінің маманы:

- Еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп жатқанын, көптеген өзгерістердің болып жатқанын көріп жатырмыз. 3-баптың 2-тармағындағы адам капиталы, ғылым мен білімді көтеру салаларындағы басымдықтар елдің ертеңі үшін беретін тұстары өте көп.

Мақсатгүл Жаманқұлова, «Өзенмұнайгаз» АҚ Басқармасының цех жұмысшысы:

- Жаңа Конституцияда жазылған балалар ата-анасының жағдайын жасау керек. Қарттар үйіне апармаудың жолын іздеу керек. Ол бала ертең отбасын құрметтейді. Жан-жағын құрметтейді. Елі үшін қызмет істейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz