Былтыр Қазақстанға 23 мың 700-ден астам адам қоныс аударған. Ал елден 7 мың 608 адам көшіп кеткен.
Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметі осындай. Алдыңғы жылғымен салыстырғанда елге келгендер саны 20 пайызға, ал кеткендер саны 40 пайызға азайған. Көші-қон үрдісінің басым бөлігі ТМД елдерімен байланысты. Бізге қоныс аударушылардың 81 пайызы сол аумақтан келген. Ал шетелге кеткендердің 71 пайызы дәл осы мемлекеттерге табан тіреген.
Қазақстанның көші-қон көрсеткіші - 2025 жыл
23 761 адам көшіп келді - 20,7% азайды - 81% ТМД
7 608 адам көшіп кетті - 40,5% азайды - 71% ТМД
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #көші қон #статистикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz