Елге 23,7 мың адам көшіп келді

Былтыр Қазақстанға 23 мың 700-ден астам адам қоныс аударған. Ал елден 7 мың 608 адам көшіп кеткен.

Ұлттық статистика бюросының ресми мәліметі осындай. Алдыңғы жылғымен салыстырғанда елге келгендер саны 20 пайызға, ал кеткендер саны 40 пайызға азайған. Көші-қон үрдісінің басым бөлігі ТМД елдерімен байланысты. Бізге қоныс аударушылардың 81 пайызы сол аумақтан келген. Ал шетелге кеткендердің 71 пайызы дәл осы мемлекеттерге табан тіреген.

Қазақстанның көші-қон көрсеткіші - 2025 жыл

23 761 адам көшіп келді    -    20,7% азайды    -     81% ТМД

7 608 адам көшіп кетті      -    40,5% азайды    -     71% ТМД