Құтқарушылар ақтүтек боранда жүргізушіге жаяу жүріп жол көрсетті.
Кеше Павлодар облысында Көктөбе ауылынан шамамен 15 шақырым жерде жеңіл көлік жолдан шығып, кюветке түсіп кеткен. Көмекке келген төтеншеліктер кезектесіп, көліктің алдында 4 шақырым жаяу жүріп, жолға бағыттап отырған. Кейін олар Кентүбе ауылы маңындағы орнына қайтып келе жатып, Атамекен - Ақсу - Үлкен Ақжар - Курчатов республикалық маңызы бар автожолында тағы бір бұзылып қалған автокөлікті байқап, ондағы жолаушыларды да қар құрсауынан құтқарып қалды. Көлікте Курчатов қаласынан келе жатқан Павлодар қаласының екі тұрғыны болған.
Тегтер #құтқарушылар #боран #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz