Астаналықтар да ауа райының шәлкез мінезімен алысып әлек. Қалада қарлы боран күшейіп, екпінді жел соғып тұр.
Бүгін ауа температурасы −11 градусқа дейін төмендейді. Салдарынан жүріп-тұру қиындап, жолда кедергілер көбейді. Осыған байланысты оқушылардың бір бөлігі сабақты онлайн оқитын болды. Нақты айтқанда, екінші ауысымның 6 сыныпқа дейінгі оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #оқушылар #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz