Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады.
Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық. Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #президент #құттықтау #Паралимпиада #Ербол Хамитов #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz