Мемлекет басшысы паралимпиадашы Ербол Хамитовты құттықтады
Мемлекет басшысы биатлоншы Ербол Хамитовты Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атануымен құттықтады.
Президент спортшының табанды еңбек пен ерік-жігердің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Бұл – шынайы құрметке лайық. Қазақстан құрама командасының ту ұстаушысы бұған дейін шаңғы жарысынан Паралимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке жарқын жеңіс, қажымас қайрат және зор денсаулық тіледі.