Бүгін Елордадағы Достық үйінде халқымыздың ежелден келе жатқан мерекесі Көрісу күні атап өтілді. Амал мерекесі деп те аталатын бұл мереке – Наурыздың бастауы.
Бүгінде бұл атаулы күн еліміздегі барлық этносқа ортақ мерекеге айналған. Мерекеде этомәдени бірлестіктер мен ақсақалдар және аналар кеңесі өкілдері және жастар бас қосты. Мұнда халқымыздың салт-дәстүрі жайында қойылымдар қойылып, жиналғандар бір-бірін табиғаттың жаңару мерекесімен құттықтады.
Сәбина Аманбекова, қалалық Достық үйінің ұйымдастыру бөлімінің басшысы:
- Бұл іс-шараға тек қана қазақ ұлтының өкілдері емес, барша ұлт өкілдерінің қатысы бар екенін көрсетіп жатырмыз. Сонымен қатар барлығымыз осы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан бұл іс-шараға кішкентай баладан бастап, үлкен ақсақалдарға дейін қатысып, бата беріп, салт-дәстүр көрсетіп, өнерін көрсетіп, тойлаймыз.
Мерекеде әсіресе ұрпақтар сабақтастығына баса мән берілді. Жастар аға буынға құрмет көрсетсе, ақсақалдар өскелең ұрпаққа батасын берді.
Тимур Умаров, қалалық өзбек этномәдени орталығының көркемдік жетекшісі:
- Ежелден келе жатқан түркі мемлекеттерінің басты мерекесі десем де артық болмас. Наурыз меркесіне арнайы осындай керемет шара өтіп жатыр. Еліміздің осындай кереметтігі – біз көпұлтты мемлекет болған соң бір-бірімізді біріктіретін салт-дәстүр, осындай керемет іс-шаралар, мәдени іс-шаралар. Жалпы қаншама ұлт болса да жүрегі қазақ деп, қазақ елім деп соғады деген ойдамын.
Мерекелік іс-шара халқымыздың өзара сыйластық, бірлік пен тату көршілік дәстүрі әрбір қазақстандықтың өмірінде маңызды орын алатытын көрсетіп берді.
Авторлары: Серік Селеубайұлы, Медет Қуанышбеков
Тегтер #елорда #Достық үйі #көрісу күніPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz