Ел биылда Наурыз мейрамын он күн бойына сән-салтанатымен тойлап жатыр. Бүгін Наурызнама бойынша - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.
Осыған келгенде жалпы ел аумағында қанша мәдениет ошағы бар деген сауал да туындауы мүмкін. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарасақ, 2025 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша елде 282 музей, 74 театр, 113 кинотеатр тіркелген. 4 мыңға жуық қоғамдық кітапхана бар.
Бұдан бөлек, 3 мыңнан астам мәдени-демалыс ұйымдары халыққа қызмет көрсетеді. Оған қоса, 50 концерттік ұйым, 251 демалыс саябағы, 10 хайуанаттар бағы мен 4 цирк жұмыс істеп тұр.
Тегтер #мәдениет #Наурыз мейрамы #салт дәстүр #Ұлттық статистика бюросы #музей #театр #кинотеатрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz