Елде мәдениет ошақтары көбейіп келеді

Ел биылда Наурыз мейрамын он күн бойына сән-салтанатымен тойлап жатыр. Бүгін Наурызнама бойынша - Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні.

Осыған келгенде жалпы ел аумағында қанша мәдениет ошағы бар деген сауал да туындауы мүмкін. Ұлттық статистика бюросының дерегіне қарасақ, 2025 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша елде 282 музей, 74 театр, 113 кинотеатр тіркелген. 4 мыңға жуық қоғамдық кітапхана бар.

Бұдан бөлек, 3 мыңнан астам мәдени-демалыс ұйымдары халыққа қызмет көрсетеді. Оған қоса, 50 концерттік ұйым, 251 демалыс саябағы, 10 хайуанаттар бағы мен 4 цирк жұмыс істеп тұр.