RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық ойындардың цифрлы нұсқасы жасалды

20.03.2026, 21:35 53

Қызылордалық студенттер «Бесікке бөлеу» дәстүрі мен «Қыз қуу» ойынының интерактивті түрін жасады. Бұл жоба Жасанды интеллект институтындағы «Digital Nauryz» шарасында таныстырылды. 

Болашақ IT мамандар мерекелік керуенге қосылып, қала көшелерін ән-жырға бөледі. Арқан тартыс пен асық ату сияқты ұлттық ойындардан жарыс өтті. Салт-дәстүр заманауи технологиялар арқылы түсіндіріліп, жастардың шығармашылық ізденісі паш етілді. Жиын барысында үздік идеялар анықталды. 

Асхат Елтаев, Жасанды интеллект институты директорының орынбасары:

- Наурыз көжені қалай жасайтыны жөнінде ойын бар. Одан бөлек, сәлем салу, арқан тартыс деген ойын бар. Тұсаукесер – барлығын түгелдей қазақ дәстүрлерін балалар цифрландырған. Сонымен қатар кішкентай балаларға, жастарға, өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы актуалды деп ойлаймын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz