Ұлттық ойындардың цифрлы нұсқасы жасалды
Қызылордалық студенттер «Бесікке бөлеу» дәстүрі мен «Қыз қуу» ойынының интерактивті түрін жасады. Бұл жоба Жасанды интеллект институтындағы «Digital Nauryz» шарасында таныстырылды.
Болашақ IT мамандар мерекелік керуенге қосылып, қала көшелерін ән-жырға бөледі. Арқан тартыс пен асық ату сияқты ұлттық ойындардан жарыс өтті. Салт-дәстүр заманауи технологиялар арқылы түсіндіріліп, жастардың шығармашылық ізденісі паш етілді. Жиын барысында үздік идеялар анықталды.
Асхат Елтаев, Жасанды интеллект институты директорының орынбасары:
- Наурыз көжені қалай жасайтыны жөнінде ойын бар. Одан бөлек, сәлем салу, арқан тартыс деген ойын бар. Тұсаукесер – барлығын түгелдей қазақ дәстүрлерін балалар цифрландырған. Сонымен қатар кішкентай балаларға, жастарға, өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы актуалды деп ойлаймын.