RU
Толық нұсқаға өту

Ақтөбеде даяшының орнына робот қызмет көрсетеді

23.03.2026, 14:00 43

Облыс орталығындағы мейрамханалардың бірі ақылды роботты жұмысқа алған. Әкімші әрі даяшы қызметіндегі робот қонақтарды қарсы алып, мәзір ұсынады.

Аспаз даярлаған тағамдарды тасып, қонақтармен әңгімелесе алады. Робот-даяшы көптің көңілінен шыққан. Әсіресе балалар қызыға тамашалайды. Мейрамхана иесі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылын» осылайша қолдап отырғанын айтады.

Орынбасар Орынбаев, мейрамхана әкімшісі:

- Планшетіндегі басқару тетігі арқылы даяшылар үстелдің нөмірін көрсетеді. Сол кезде мәзірді немесе тағамдарды тапсырыс берген қонақтарға жеткізеді. Одан әрі қонақтар басқа үстелге немесе әкімшіге қарай бағыттап жібереді. Қонақтарымызға даяшы-роботымыз ұнап жатыр.  

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz