Ақтөбеде даяшының орнына робот қызмет көрсетеді

Облыс орталығындағы мейрамханалардың бірі ақылды роботты жұмысқа алған. Әкімші әрі даяшы қызметіндегі робот қонақтарды қарсы алып, мәзір ұсынады.

Аспаз даярлаған тағамдарды тасып, қонақтармен әңгімелесе алады. Робот - даяшы көптің көңілінен шыққан. Әсіресе балалар қызыға тамашалайды. Мейрамхана иесі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылын» осылайша қолдап отырғанын айтады.

Орынбасар Орынбаев, мейрамхана әкімшісі:

- Планшетіндегі басқару тетігі арқылы даяшылар үстелдің нөмірін көрсетеді. Сол кезде мәзірді немесе тағамдарды тапсырыс берген қонақтарға жеткізеді. Одан әрі қонақтар басқа үстелге немесе әкімшіге қарай бағыттап жібереді. Қонақтарымызға даяшы-роботымыз ұнап жатыр.