30 наурыз - халықаралық қалдықсыз күні. Елімізде қалдықтарды тиімді басқару мен қайта өңдеуге көңіл бөлініп келеді.
Былтыр Үкімет қаулысымен алдағы 4 жылға арналған тұжырымдама бекітілді. Осылайша, сала дамуының кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат қабылданды. Оның аясында елімізде Ұлттық қалдықтарды басқару орталығын құру жоспарланған. Жаңа құрылым ведомствоаралық іс-қимылдарды үйлестіріп, бірыңғай стандарттар мен ұлттық бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте EcoQolday бағдарламасының да маңызы зор. Бағдарлама қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ елдегі өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.
Тегтер #Хабар #жаңалықтар #қалдықтар #экология #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz