Бүгін – Халықаралық қалдықсыз күні

30 наурыз - халықаралық қалдықсыз күні. Елімізде қалдықтарды тиімді басқару мен қайта өңдеуге көңіл бөлініп келеді.

Былтыр Үкімет қаулысымен алдағы 4 жылға арналған тұжырымдама бекітілді. Осылайша, сала дамуының кешенді моделін қалыптастыратын алғашқы стратегиялық құжат қабылданды. Оның аясында елімізде  Ұлттық қалдықтарды басқару орталығын құру жоспарланған. Жаңа құрылым ведомствоаралық  іс-қимылдарды үйлестіріп, бірыңғай стандарттар мен  ұлттық бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл ретте EcoQolday бағдарламасының да маңызы зор. Бағдарлама қалдықтарды жинау және қайта өңдеу жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ елдегі өңдеуші кәсіпорындарды қолдауға бағытталған.