Заңсыз көші-қон ұйымдастырғандардың әрекеті әшкере болды.
Көлік прокуратурасы шетелдіктердің Қазақстанда беймезгіл болуын заңдастыруға көмектескен топтың жолын кесті. Орталық Азия елдерінің 5 мыңнан астам азаматы ақшалай сыйақы үшін жұмысқа рұқсат, сондай-ақ уақытша тұруды тіркеу және елде болу мерзімін ұзарту қызметтерін алған. Көші-қон қызметі «Азаматтарға арналған үкіметтің» Астанадағы филиалы қызметкерлері қылмыстық әрекетті ұйымдастыруға қатысқан деген күдікке ілікті. Іс сотқа жолданды.
Тегтер #Заң мен тәртіп #шетелдік #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz