Шетелдіктердің Қазақстанда болуын заңдастыруға көмектескен топ әшкереленді

Заңсыз көші-қон ұйымдастырғандардың әрекеті әшкере болды.

Көлік прокуратурасы шетелдіктердің Қазақстанда беймезгіл болуын заңдастыруға көмектескен топтың жолын кесті. Орталық Азия елдерінің 5 мыңнан астам азаматы ақшалай сыйақы үшін жұмысқа рұқсат, сондай-ақ уақытша тұруды тіркеу және елде болу мерзімін ұзарту қызметтерін алған. Көші-қон қызметі «Азаматтарға арналған үкіметтің» Астанадағы филиалы қызметкерлері қылмыстық әрекетті ұйымдастыруға қатысқан деген күдікке ілікті. Іс сотқа жолданды.