Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылды.
Көлікте 50 адам болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына жедел келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Ведомство тікұшақпен 3 зардап шеккен адамды Қарағандыдағы медициналық мекемелерге жеткізді. Сондай-ақ жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығының мамандары 30 адамды облыстық ауруханаға апарды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде, - дейді мамандар. Апаттық-құтқару жұмыстарына Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары мен полиция қызметкерлері да тартылды.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Қарағанды #автобус апаты #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz