Қарқаралыда вахталық автобус аударылды

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылды.

Көлікте 50 адам болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары оқиға орнына жедел келіп, зардап шеккендерге көмек көрсетті. Ведомство тікұшақпен 3 зардап шеккен адамды Қарағандыдағы медициналық мекемелерге жеткізді. Сондай-ақ жедел жәрдем және Апаттар медицинасы орталығының мамандары 30 адамды облыстық ауруханаға апарды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа дәрежеде, - дейді мамандар. Апаттық-құтқару жұмыстарына Қазавиақұтқару және жедел жәрдем бригадалары мен полиция қызметкерлері да тартылды.