Алматыда биыл ауқымды көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Жоспар бойынша қалада 550 мыңға жуық жасыл желек егіледі.
Оның ішінде 7 мың ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта отырғызылып, кесілген 40 мыңға жуық ағаштың орнына биіктігі 2 жарым метрлік көшеттер отырғызылады. Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам ағаш егілген. Ал жуырда Садықов көшесінің бойына биіктігі 6 метрге дейін жететін 80 ірі ағаш отырғызу көзделген. Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің айтуынша, қалада экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.
Тегтер #Алматы #Таза Қазақстан #жасыл желекPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz