«Таза Қазақстан»: биыл Алматыда 550 мың жасыл желек егіледі

Алматыда биыл ауқымды көгалдандыру жұмыстары қолға алынбақ. Жоспар бойынша қалада 550 мыңға жуық жасыл желек егіледі. 

Оның ішінде 7 мың ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта отырғызылып, кесілген 40 мыңға жуық ағаштың орнына биіктігі 2 жарым метрлік көшеттер отырғызылады. Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам ағаш егілген. Ал жуырда Садықов көшесінің бойына биіктігі 6 метрге дейін жететін 80 ірі ағаш отырғызу көзделген. Экология және қоршаған орта басқармасы өкілдерінің айтуынша, қалада экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасады.