Биыл қазақстандықтардың нақты табысы кем дегенде 2-3 пайызға өседі.
Бұл туралы Үкімет үйінде өткен халықаралық қаржы ұйымдарымен жиында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Басты мақсат - инфляцияны ауыздықтап, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда. ҚР Ұлттық банкінің дерегінше, 2025 жылдың қазан айынан бастап инфляция бәсеңдеп, тұтынушылық несие өсімі 21,9%-дан 8,7%-ға төмендеді. Инфляцияны төмендету үшін азық-түлік өндірісін ұлғайту мен логистиканы жақсартудың жаңа алгоритмі іске қосылмақ. Сонымен қатар жиында Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының сарапшылары Қазақстанның макроэкономикалық саясатын қолдап, жеке секторды дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #премьер министр #БектеновPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz