Үкімет басшысы халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты талқылады

Биыл қазақстандықтардың нақты табысы кем дегенде 2-3 пайызға өседі.

Бұл туралы Үкімет үйінде өткен халықаралық қаржы ұйымдарымен жиында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Басты мақсат -  инфляцияны ауыздықтап, халықтың әл-ауқатын жақсарту. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен бағдарламаны жүзеге асыруда. ҚР Ұлттық банкінің дерегінше, 2025 жылдың қазан айынан бастап инфляция бәсеңдеп, тұтынушылық несие өсімі 21,9%-дан 8,7%-ға төмендеді. Инфляцияны төмендету үшін азық-түлік өндірісін ұлғайту мен логистиканы жақсартудың жаңа алгоритмі іске қосылмақ. Сонымен қатар жиында Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қорының сарапшылары Қазақстанның макроэкономикалық саясатын қолдап, жеке секторды дамыту бойынша ұсыныстарын жеткізді.