Елімізде жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді. Ауқымды шара күз айына жоспарланған.
Оның аясында жүлде қоры 1 млн доллар болатын қысқаметражды фильмдердің байқауы жарияланады. Өнер бәсекесіне әр елден қатысушылар тарту көзделген. Бағдарлама аясында AI-контентке қатысты конференция, авторлар мен продюсерлерге арналған шеберлік сабақтары, сондай-ақ пікірталастар ұйымдастырылады. Аталмыш алаң кино индустриясындағы жаңа бағыттарды дамытуға сеп болмақ.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ЖИ #киноPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz