Елімізде AI Film Festival өтеді
Елімізде жасанды интеллект көмегімен жасалған фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді. Ауқымды шара күз айына жоспарланған.
Оның аясында жүлде қоры 1 млн доллар болатын қысқаметражды фильмдердің байқауы жарияланады. Өнер бәсекесіне әр елден қатысушылар тарту көзделген. Бағдарлама аясында AI-контентке қатысты конференция, авторлар мен продюсерлерге арналған шеберлік сабақтары, сондай-ақ пікірталастар ұйымдастырылады. Аталмыш алаң кино индустриясындағы жаңа бағыттарды дамытуға сеп болмақ.