Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады.
Мемлекет басшысы адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті. АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.
Тегтер #Тоқаев #Трамп #Артемида2 #құттықтауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz