Қ. Тоқаев Д. Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті. АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі.