RU
Толық нұсқаға өту

Алматылық полицейлер самокатқа мінді

14.04.2026, 07:45 35

Алматыда арнайы жасақ өздері самокатқа мінді. Жұмыс нәтижесіз емес, осы күнге дейін 480 адамға әкімшілік хаттама толтырған. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады. 

1 сәуірден бастап тәртіп сақшылары қаладағы тәртіпті осылай қадағалайды.  Арасында учаскелік инспекторлар мен ювеналдық полиция қызметкерлері бар. Олар көшедегі, өзен арналарын және саябақтарды бақылайды. Қазір Алматыда 4 кикшеринг компаниясы бар. Олар 22 мыңнан аса самокатты жалға береді.

Олжас Елқондиев, Бостандық АПБ Қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің басшысы:

- Жыл басынан осы профилактикалық іс-шара бойынша 200-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып отыр. Ол шлемсіз жүргені үшін және де мына автокөліктердің жол бойында жүруге тыйым салынған бұларға. Күнделікті демалыссыз таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жұмыс атқарамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz