Сәуірде елде кітап, қолөнер, технология сынды бағыттарды қамтитын бірқатар ауқымды туристік іс-шаралар жоспарланған.
22-26 сәуір аралығында елордада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Мұнда оқырман жаңа кітап алып қана қоймайды, авторлармен кездесе алады. Бұдан бөлек, білім беру сессиялары өтеді.
23-24 сәуірде Жамбыл облысында «Тараз – қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі жоспарланған. Қонақтар қолөнер көшесін аралап, халық шеберлерінің қолынан шыққан бірегей заттарды көзбен көріп, қолмен ұстай алады.
26 сәуірде Қостанай облысында алғаш рет TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі жоспарланған. Бағдарламада инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндіріс орындарына экскурсиялар қарастырылған.
Жалпы биылдыққа ел аумағында 55 ірі мәдени-туристік іс-шара жоспарланған.
Тегтер #сәуір #кітап #білім #халықаралық кітап көрмесіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz