Сәуірде қай өңірлерге барған дұрыс?

Сәуірде елде кітап, қолөнер, технология сынды бағыттарды қамтитын бірқатар ауқымды туристік іс-шара жоспарланған. 

22-26 сәуір аралығында елордада Eurasian Book Fair халықаралық кітап көрмесі өтеді. Мұнда оқырман жаңа кітап алып қана қоймайды, авторлармен кездесе алады. Бұдан бөлек, білім беру сессиялары өтеді.

23-24 сәуірде Жамбыл облысында «Тараз – қолөнершілер қаласы» этномәдени фестивалі жоспарланған. Қонақтар қолөнер көшесін аралап, халық шеберлерінің қолынан шыққан бірегей заттарды көзбен көріп, қолмен ұстай алады.

26 сәуірде Қостанай облысында алғаш рет TechTrail Qostanai отбасылық техно-фестивалі жоспарланған. Бағдарламада инженерлік квесттер, интерактивті зертханалар және өндіріс орындарына экскурсиялар қарастырылған.

Жалпы биылдыққа ел аумағында 55 ірі мәдени-туристік іс-шара жоспарланған.

Сондай-ақ оқыңыз: