«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей рейстердің қайта іске қосылғанын мәлімдеді. Тұрақты рейстер 3 маусымнан бастап орындала бастады, деп хабарлайды «24KZ».
Рейстер екі класты конфигурациядағы Airbus A319 әуе кемелерімен (эконом және бизнес) жүзеге асырылады. Жазғы кестеге сәйкес, рейстер аптасына үш рет орындалады: Астанадан — дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.
Әуе компаниясының мәліметінше, бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болып, Астана мен Санкт-Петербург арасындағы туристік әрі іскерлік ағынның артуына ықпал етеді деп күтілуде.
Тегтер #әуежай #ұшақ #Астана #СанктПетербург #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz