Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей рейстер қайта жанданды

Фото: depositphotos.com

«Россия» әуе компаниясы Астана мен Санкт-Петербург арасында тікелей рейстердің қайта іске қосылғанын мәлімдеді. Тұрақты рейстер 3 маусымнан бастап орындала бастады, деп хабарлайды «24KZ».

Рейстер екі класты конфигурациядағы Airbus A319 әуе кемелерімен (эконом және бизнес) жүзеге асырылады. Жазғы кестеге сәйкес, рейстер аптасына үш рет орындалады: Астанадан — дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері, ал Санкт-Петербургтен — сейсенбі, жұма және жексенбі күндері.

Әуе компаниясының мәліметінше, бұл бағыт жолаушылар арасында сұранысқа ие болып, Астана мен Санкт-Петербург арасындағы туристік әрі іскерлік ағынның артуына ықпал етеді деп күтілуде.