Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні, деп хабарлайды «24KZ».
Олимпиада чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт саңлағы – Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысының Свердловск ауданы Дихан ауылында дүниеге келген.
Бала кезінен спортқа жақын болған ол кейін грек-рим күресіне бет бұрып, аталған спорт түрінен КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері атанды.
1980 жылы 29 жасында Мәскеу Олимпиадасында топ жарды. Сондай-ақ, Жақсылық Үшкемпіров грек-рим күресінен әлем чемпионы (1981), Еуропа біріншілігінің күміс жүлдегері (1980), әлем кубогінің күміс жүлдегері (1982), екі дүркін КСРО чемпионы (1978, 1979) және КСРО халықтары Спартакиадасының жеңімпазы (1975) атанған.
Тегтер #олимпиада чемпионы #Жақсылық Үшкемпіров #24жаңалықтар #24KZ арнасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz