Қазақстандағы ерлердің саны 10 044 673 адам. Ұлттық статистика бюросы Отан қорғаушылар күні қарсаңында осындай мәлімет жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Жас топтары бойынша ерлердің үлесі:
0-15 жас - 30,2%
16-60 жас - 56,5%
61 жас және одан жоғары - 13,3%
Ерлер ең көп шоғырланған өңірлер:
Алматы қаласы - 1,1 млн
Түркістан облысы - 1,1 млн
Алматы облысы - 806,5 мың
Астана қаласы - 785,4 мың
Ерлердің орташа жасы - 31,1 жас
Күтілетін өмір сүру ұзақтығы - 72,19 жыл
2025 жыл бойынша:
Жұмыспен қамтылған халық арасындағы ерлердің үлесі - 51,6% (4,8 млн ер адам)
Жалдамалы жұмысшылар арасындағы үлес - 50,6%
Өз бетінше жұмыспен қамтылғандар арасындағы үлес - 55,1%
Салалар бойынша жұмыспен қамтылған ерлердің үлесі:
Өнеркәсіп - 16,5%
Көтерме сауда - 14%
Ауыл шаруашылығы - 12,4%
Көлік және қойма - 11,1%
Жеке кәсіпкерлер арасындағы ерлердің үлесі - 54,7%
Ең көп жұмыспен қамтылған ерлер 35-44 жас аралығында - 1,4 млн адам.
Айта кетейік, 2026 жылдың алғашқы бес айында Қазақстандағы ең танымал ерлер есімі - Алан (817 адам).
Одан кейін Айсұлтан, Әлихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері жиі кездеседі.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz