RU
Толық нұсқаға өту

Индонезияда жанартау атқылап, 20 турист жоғалып кетті

09.05.2026, 20:16 392

Индонезияда Дуконо жанартауы атқылағаннан кейін 20 турист із-түссіз жоғалып кетті. 

Іздестіру операциясына ондаған құтқарушы мен полиция қызметкері жұмылдырылды. Саяхатшылар арасында шетел азаматтары да бар. Қалғаны – Индонезия тұрғындары. Сала мамандарының мәліметінше, отты таудан шыққан күл мен түтін 11 шақырым биіктікке дейін көтерілген. Қазір апат аймағында қауіпсіздік күшейтілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz