Индонезияда жанартау атқылап, 20 турист жоғалып кетті
Индонезияда Дуконо жанартауы атқылағаннан кейін 20 турист із-түссіз жоғалып кетті.
Іздестіру операциясына ондаған құтқарушы мен полиция қызметкері жұмылдырылды. Саяхатшылар арасында шетел азаматтары да бар. Қалғаны – Индонезия тұрғындары. Сала мамандарының мәліметінше, отты таудан шыққан күл мен түтін 11 шақырым биіктікке дейін көтерілген. Қазір апат аймағында қауіпсіздік күшейтілді.