KAZ Minerals компаниясының жұмысшысы қызмет барысында қаза тапты. Жазатайым оқиға кеше «Шығыстүстімет» серіктестігінің Артемьев шахтасында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде механик маманы шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен. Қазір жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүріп жатыр. Компания өкілдері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына тиісті көмек көрсететінін мәлімдеді.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #KAZ Minerals #апат #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz