KAZ Мinerals шахтасында жұмысшы қаза тапты
KAZ Minerals компаниясының жұмысшысы қызмет барысында қаза тапты. Жазатайым оқиға кеше «Шығыстүстімет» серіктестігінің Артемьев шахтасында болды.
Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде механик маманы шамамен 9 метр биіктіктен құлап кеткен. Қазір жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу жүріп жатыр. Компания өкілдері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оның отбасына тиісті көмек көрсететінін мәлімдеді.