Алматы қаласында жоспарлы жалпықалалық сейсмикалық жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды «24KZ».
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылғы 14 мамыр күні сағат 11:00-де сиреналар қосылады.
Жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға дайындық алдын ала жүргізілуде: 12 мамырдан бастап алдағы жоспарлы сейсможаттығу туралы және сабыр сақтауға шақыратын ұсынымдары бар бейнероликтерді теле-радиоарналар арқылы хабарламалар ұйымдастырылды.
Сейсможаттығу күні сағат 11:00-де сиреналық-дауыс хабарлау құрылғыларын іске қосу, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып шұғыл ақпарат беру, Masalert жүйесі және мобильді қосымшалар арқылы қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады.
«Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы – төтенше жағдай қаупі туындағанда немесе орын алған жағдайда халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радио қабылдағыштарды қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалардағы ақпаратты оқып, әрі қарайғы іс-қимыл бойынша нұсқаулықтармен танысу қажет.
Егер жер сілкінісі орын алса – дүрбелеңге берілмеңіз! Қауіпсіз орынды паналаңыз. Жер тербелісінің алғашқы дүмпулер тоқтағаннан кейін - ғимараттар мен құрылыстардан қауіпсіз қашықтыққа шығып, қажет болған жағдайда халықты қабылдау пункттеріне (ХҚПП) барыңыз.
Алматы қаласында 384 халықты қабылдау пункті дайындалады.
Тегтер #ТЖМ #Алматы #сейсмикалық жаттығу #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz