RU
Толық нұсқаға өту
Фото: gov.kz

Астаналық 15 жастағы шахматшы Қазақстан чемпионы атанды

14.05.2026, 10:22 50

Астанада классикалық шахматтан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додада 15 жастағы Сауат Нұрғалиев сенсация жасап, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды «24KZ».

Жас шахматшы 13 турдың қорытындысы бойынша 9 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы оза түсті. Шешуші турдағы тең нәтиже оған көш басындағы орнын сақтап қалуға жеткілікті болды.

Ерлер (Open) санатындағы жүлдегерлер:

1.       IM Сауат Нұрғалиев (Астана) – 9 ұпай

2.       IM Жандос Ағманов (Астана) – 8,5 ұпай

3.       GM Рамазан Жалмаханов (Алматы) – 8 ұпай

Әйелдер арасындағы жарыста да тартыс соңғы турға дейін сақталды. Үш шахматшы бірдей 9 ұпай жинап, жүлделі орындар қосымша көрсеткіштер арқылы анықталды.

Әйелдер арасындағы жүлдегерлер:

1.       Лия Құрманғалиева – 9 ұпай

2.       Зарина Нұрғалиева – 9 ұпай

3.       Елназ Қалиахмет – 9 ұпай

Айта кетейік, бұл чемпионат Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Турнир жеңімпаздары ел намысын халықаралық жарыстарда, соның ішінде Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қорғауға мүмкіндік алады

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz