Астаналық 15 жастағы шахматшы Қазақстан чемпионы атанды
Астанада классикалық шахматтан ерлер арасындағы Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Биылғы додада 15 жастағы Сауат Нұрғалиев сенсация жасап, ел чемпионы атанды, деп хабарлайды «24KZ».
Жас шахматшы 13 турдың қорытындысы бойынша 9 ұпай жинап, қарсыластарынан оқ бойы оза түсті. Шешуші турдағы тең нәтиже оған көш басындағы орнын сақтап қалуға жеткілікті болды.
Ерлер (Open) санатындағы жүлдегерлер:
1. IM Сауат Нұрғалиев (Астана) – 9 ұпай
2. IM Жандос Ағманов (Астана) – 8,5 ұпай
3. GM Рамазан Жалмаханов (Алматы) – 8 ұпай
Әйелдер арасындағы жарыста да тартыс соңғы турға дейін сақталды. Үш шахматшы бірдей 9 ұпай жинап, жүлделі орындар қосымша көрсеткіштер арқылы анықталды.
Әйелдер арасындағы жүлдегерлер:
1. Лия Құрманғалиева – 9 ұпай
2. Зарина Нұрғалиева – 9 ұпай
3. Елназ Қалиахмет – 9 ұпай
Айта кетейік, бұл чемпионат Қазақстан ұлттық құрамасына іріктеу кезеңдерінің бірі саналады. Турнир жеңімпаздары ел намысын халықаралық жарыстарда, соның ішінде Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында қорғауға мүмкіндік алады