Алматы қаласының бірқатар ауданында электр жарығы уақытша сөнді, деп хабарлайды «24KZ».
Картаға сәйкес, Бостандық, Медеу және Алатау аудандарының жекелеген бөліктерінде жарық жоқ.
Атап айтқанда, Нұрлытау, Нұр-Алатау, Самғау және Түркістан ықшамаудандарында электр жарығы өшкен. Сондай-ақ Әл-Фараби даңғылы, Желтоқсан, Н.Назарбаев, Қажымұқан және И. Панфилов көшелерінің бірқатар бөлігінде жарық сөнген.
Электр жарығының не себепті өшкені әзірге нақтыланып жатыр. Жарық шамамен екі сағат ішінде қалпына келтіріледі деп күтілуде.
Тегтер #Алматы #жарықсыз қалды #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz