Алматының бірқатар ауданы жарықсыз қалды

фото: azhk.kz

Алматы қаласының бірқатар ауданында электр жарығы уақытша сөнді, деп хабарлайды «24KZ».

Картаға сәйкес, Бостандық, Медеу және Алатау аудандарының жекелеген бөліктерінде жарық жоқ.

Атап айтқанда, Нұрлытау, Нұр-Алатау, Самғау және Түркістан ықшамаудандарында электр жарығы өшкен. Сондай-ақ Әл-Фараби даңғылы, Желтоқсан, Н.Назарбаев, Қажымұқан және И. Панфилов көшелерінің бірқатар бөлігінде жарық сөнген.

Электр жарығының не себепті өшкені әзірге нақтыланып жатыр. Жарық шамамен екі сағат ішінде қалпына келтіріледі деп күтілуде.