Жыл басынан бері Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың 171 фактісі тіркелген, деп хабарлайды «24KZ».
Полицияның мәліметінше, 104 қылмыстық іс аяқталып, оның 94-і сотқа жолданған.
Интернет кеңістігін мониторингтеу барысында 1000-ға жуық алаяқтық сайт анықталып, бұғатталған.
Сонымен қатар киберполиция жыл басынан бері 10 адамнан тұратын екі дропперлер тобын ұстаған. Сегіз қылмыстық іс сотқа жолданған.
Интернет-қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірде профилактикалық және ақпараттық жұмыстар жалғасып жатыр.
Мамандар азаматтарды интернеттегі күмәнді сілтемелерге сақ болуға және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #алаяқтық #Жетісу облысы #ПДPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz