Жетісу облысында 1000-нан астам алаяқтық сайт бұғатталды

Фото: depositphotos.com

Жыл басынан бері Жетісу облысында интернет-алаяқтықтың 171 фактісі тіркелген, деп хабарлайды «24KZ».

Полицияның мәліметінше, 104 қылмыстық іс аяқталып, оның 94-і сотқа жолданған.

Интернет кеңістігін мониторингтеу барысында 1000-ға жуық алаяқтық сайт анықталып, бұғатталған.

Сонымен қатар киберполиция жыл басынан бері 10 адамнан тұратын екі дропперлер тобын ұстаған. Сегіз қылмыстық іс сотқа жолданған.

Интернет-қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өңірде профилактикалық және ақпараттық жұмыстар жалғасып жатыр.

Мамандар азаматтарды интернеттегі күмәнді сілтемелерге сақ болуға және жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге шақырады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз