Ақтау тұрғыны аса ірі көлемдегі есірткімен ұсталды. Күдікті прокурорлар мен полицияның бірлесіп өткізген жедел іздестіру шарасы кезінде қолға түсті.
Қол сөмкесінен жалпы салмағы 4 келіден астам «Гашиш» тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүріп жатыр.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Ақтау #есірткіPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz